Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғылым академиясы
«ҚР ҰҒА Хабарлары. Химия және технология сериясы» ғылыми журналының негізгі мақсаты: басым сипаты бар ірі ғылыми зерттеулер туралы хабарламаларды жариялау. Журнал авторлары ҚР ҰҒА мүшелері, сондай-ақ басқа академиялардың мүшелері және шет елдің көрнекті ғалымдары физика-математика, техника, геология және биологиялық ғылымдар саласындағы бірегей және еш жерде жарияланбаған зерттеулер туралы хабарламалар басылады. Сонымен қатар, журнал жұмысына еліміздің оқу институттарының, университеттерінің және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері қатысады.
Журналдың бағыты: ғылыми журналда химия және технология саласындағы және оның ғылым мен техникамен аралас салаларындағы іргелі және қолданбалы зерттеудің нәтижелері жарияланады.
Редакциялық алқа ғылымның келесі салалары бойынша мақалалар қабылдайды:
Бейорганикалық заттардың химиясы және технологиясы (бейорганикалық химия, органикалық химия, фармацевтикалық химия және технологиялар);
Мерзімділігі: бір жылда 6 нөмірі шығады.
Мақалыны жариялау шарттары: Ғылыми зерттеулердің тұтастығын қамтамасыз ету үшін авторлар ғылыми жарияланымдардың халықаралық стандарттарын ұстануы қажет.
* мақала берген кезде автор мақаланың түпнұсқа екендігіне, яғни ол бұрын басқа дереккөзде ағымдағы немесе осыған ұқсас түрде жарияланбағанына; мақала басқа баспаларға берілмегеніне; авторлық құқықпен және мақаланы жариялаумен байланысты мүдделердің реттелгеніне кепілдік беруі тиіс. Атап айтқанда, жарияланған мақалалардың басқа тілдерге аудармалары қабылданбайды.
* Авторлардың ҚР ҰҒА редакциясы мен журналға, ғылыми авторлық кәсібилікке, сайып келгенде, бүкіл ғылыми қоғамдастыққа нұқсан келтіруі мүмкін зерттеулер нәтижелерін бұрмалаудан аулақ болғаны жөн.
* Зерттеу нәтижелері анық, деректер бұрмаланбаған, материалдарды жинау, іріктеу және өңдеудің тәртіптік ережелері сақталуы қажет.
* Авторлардың орналасу тәртібі дұрыс көрсетілгеніне баса мән берілуі қажет. Өңдеу кезеңдерінде авторларды қосу немесе жою әдетте рұқсат етілмейді. Бірақ кейбір жағдайларда авторлардың келісімімен авторлық топқа ішінара өзгеріс енгізілуі мүмкін. Авторлардың өзгертілуі нақты түсіндірілуі керек. Мақаланы қабылдағаннан кейін авторларды өзгертуге рұқсат етілмейді.
* Мақаланың барлық авторлары зерттеуге айтарлықтай үлес қосуы керек.
Рецензиялау:
Журнал редакциясына келіп түскен барлық ғылыми мақалалар рецензенттердің тексеруі жасырын түрде жүргізіледі.
Мұрағаттау ашық қолжетімділік саясаты.
«ҚР ҰҒА Хабарлары. Химия және технология сериясы» журналына қол жетімділік ашық (Open Access). Журналды барлық пайдаланушылар еркін және ақысыз оқи алады, жүктей алады, көшіре алады, жібере алады және жарияланған материалдарға сілтеме жасай алады.
Журнал мұрағатына ашық қолжетімділік журналдың http://bulletin-science.kz/ сайтында қамтамасыз етіледі. Журнал редакциясы өз қызметінде Committee on Publication Ethics – COPE жариялау этикасы жөніндегі халықаралық Комитетімен әзірленген қағидаттарды басшылыққа алады.