Басты бет

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Хабарлары. Химия және технология сериясы» журналының
Бас редакторы

Алғы сөз!

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жоғары санаттағы академиялық журналдарға ие, 1946 жылдан бастап жарыққа шығып, дүниежүзіндегі 73 мемлекеттің Ұлттық кітапханаларына  таралады. Соның ішінде 1947 жылдан «Химия және технология» атты журналды да басып шығарады.

Елдің табиғи ресурстарын тиімді, әрі орынды пайдаланудың нысаналы және жүйелі бағдарламалары жүзеге асырылып отыр. Өйткені қазақтың кең сахарасында химиялық элементтердің барлық түрі кездесетіні баршаға аян. Мәселен,  алтын, күміс, мыс, мырыш, алюминий, титан, магний және сирек кездесетін металдар мен химиялық элементтердің де жеткілікті қорлары бар. Демек, аталмыш табиғи ресурстарды тиянақты, мұқият пайдалану арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси әлеуетін кемелдендіруге болатыны сөзсіз.

Қазіргі кезде елімізде химия саласы күн санап қарыштап келе жатқан заманда химик мамандар үшін маңызы үлкен. Себебі, заман талабына сай сұраныстар күнен-күнге өз қажеттілігін тудыруда. Осы салада химиктердің қосатын ұлесі қомақты болуы тиіс.Осыған байланысты, болашақта толыққанды, заман талабына сай білікті маман болып шығу үшін химиктер аянбай тер төгулері қажет.  

Химия ғылымдар жиынтығының күрделілігіне сай, жарияланымдардың тематикасын нақтылау мен оның қоғамдағы алар орнын айқындау мақсатында ұзақ жылдар бойы журналдың құрылымы жетілдірілуде.

Осыған орай бұл журналдың қалың оқырманға тигізер септігі мол деп білеміз. Өйткені химия ғылым саласы – заманауи уақыттың ең негізгі тетіктеріне айналып отыр. Жылдар өте келе журнал академиялық ғылымға тән қатаң принциптерді ұстана отырып, қоғамдағы өзінің орнын тауып, материалдарды жариялауда өзіндік стилін қалыптастырғанына сенімдімін. Демек, аталмыш ғылымдар мен байланысты ашылып отырған бұл журналдың болашағы жарқын болғай!

 

FacebookTwitterMixxVimeo

Біздің журнал